14 маусым, жұма күні кешке Мюнхенде футболдан Еуропа чемпионаты басталды. Алғашқы ойын А тобындағы Германия мен Шотландия құрамалары арасында өтті.
Ойын қорытындысы бойынша, алаң иелері 5:1 есебімен Шотландия командасын жеңіп кетті. Шотландия футболшыларына жалғыз ұпай әкелген голды Германия құрамасының қорғаушысы өз қақпасына соқты.
Сөйтіп, Германия құрамасы үш ұпай жинап, А тобында бірінші болып тұр. Шотландия келесі ойында Швейцария құрамасымен, ал Германия Венгрия командасымен кездеседі. Екі ойын да 19 маусымда өтеді.
Бүгін, 15 маусымда Еуропа чемпионатының үш матчы өтеді: Венгрия мен Швейцария, Испания мен Хорватия және Италия мен Албания алаңда бақ сынайды. Чемпионат Германияның бірнеше қаласында 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Грузияның дебюті, Украина мен Түркияның үміті. Еуро-2024 жайлы негізгі фактілер