Делидегі танымал ғибадатхана маңында көлік жарылды. Қаза тапқандар бар

Делиде жарылыс болған аймақ. 10 қараша 2025 жыл.

Үндістан астанасы Делидегі тарихи "Лал-Кила" (Қызыл форт) ғибадатханасы жанында автокөлік жарылып, кемі 8 адам қата тапты. Тағы 23 адам жараланған. Бұл туралы The Times of India газеті мен Reuters агенттігі хабарлады.

"Лал-Кила" – Делидегі танымал туристік орындардың бірі.

Басылымдардың жазуынша, жарылыс қатты болған сонша бірнеше метрдегі көліктердің терезесі сынып, кейбірі жанып кеткен. Жарылыстың себебі әзірге белгісіз.