Дүйсенбі, 10 қарашаның кешінде Үндістан астанасы – Делидегі "Қызыл форт" метро станциясы мен туристер көзайымына айналған тарихи цитадельдің жанында көлік жарылды. Кейінгі ақпарат бойынша, 8 адам мерт болып, 20 адам жарақат алды. Бұған дейін 13 адам қаза тапқаны хабарланған.
Баспасөз құралдарының жазуынша, жарылыс қуатты болғаны сонша, бірнеше метр қашықта тұрған көліктердің терезесі шағылып, бірқатар көлік өртке оранған. Әзірге жарылыс себебі белгісіз, қалада жоғары дайындық тәртібі жарияланған.
Үндістан қорғаныс министрі жарылысқа кінәлі адамдар сот алдында жауап береді деп сөз берді.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди туысынан айырылған азаматтарға көңіл айтты. Моди де жарылысқа кінәлі адамдар жауапқа тартылады деп мәлімдеді.
Жарылыс қасақана жасалғаны мәлім болса, бұл қауіпсіздік саласында 22 ақпаннан бері ең ірі оқиға болмақ. Ол кезде Кашмирдің Үндістанға қарасты бөлігіндегі Пахалгам туристік қаласында 26 бейбіт адам қаза тауып, арты Пәкістанмен қақтығысқа ұласқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Трамп Үндістан мен Пәкістан арасында атыс толық тоқтағанын мәлімдеді