Құлағы нашар еститін жүргізуші Саматтың хикаясы
Your browser doesn’t support HTML5
33 жастағы Самат Жампейісов бес жасында есту қабілетінен айырылған. Қазір ол жеке такси қызметімен айналысады. Саматтың айтуынша, бұл — естімейтін адамға отбасын асырауға мүмкіндік беретін жалғыз жұмыс. Жақында әлеуметтік желіде Саматтың көлігінен түскен жолаушының жолақысын төлемей қашып кеткен сәтін көрсететін видео тарады. Самат сияқты азаматтарға қандай кедергілер бар? Жұрт оларды түсіну үшін не істеуі керек? Самат Жампейісовті сөзге тарттық.