Қазақстанда биыл FIFA Series-2026 турнирінің бір тобы ойнайды. Бүгін, 19 қаңтарда FIFA Қазақстанға келетін құрамалардың тізімін жариялады. Бұл турнирде Қазақстан Африкадағы Комор аралдары және Намибия елдерімен, Азиядағы Кувейт елімен бір топта ойнайды. Жарыс 23-31 наурызда Астанада өтеді.
FIFA Series – әр құрлықтағы елдер жолдастық матч ретінде ойнайтын турнир. 48 елдің құрамасы 12 топқа бөлініп, жолдастық кездесу өткізеді.
Биылғы турнирдің бір тобы Өзбекстанда ойнайды. Өзбекстанға Габон, Тринидад және Тобого, Венесуэла келеді.
FIFA Series-2026 турнирінде ойнайтын елдердің толық тізімі:
Ерлер турнирі
- Қазақстан: Комор аралдары, Қазақстан, Кувейт, Намибия
- Өзбекстан: Габон, Тринидад және Тобого, Өзбекстан, Венесуэла
- Әзербайжан: Әзербайжан, Оман, Сьерра-Леоне, Сент-Луис
- Индонезия: Болгария, Индонезия, Соломон аралдары, Сент-Китс және Невис аралдары
- Руанда: Эстония, Гренада, Кения, Руанда
- Руанда: Аруба, Лихтенштейн, Макао, Танзания
- Пуэрто-Рико: Америкалық Самоа, Гуам, Пуэрто-Рико, АҚШ Виргин аралдары
- Австралия: Австралия, Камерун, Қытай, Кюрасао
- Жаңа Зеландия: Кабо-Верде, Чили, Финляндия, Жаңа Зеландия
Әйелдер турнирі
- Таиланд: Конго ДР, Непал, Мұхит аймағынан бір ел, Таиланд
- Кот-Д’Ивуар: Кот-Д’Ивуар, Мавритания, Пәкістан, Mauritania, Pakistan, Теркс және Кайкос аралдары
- Бразилия:Бразилия, Канада, Оңтүстік Корея, Замбия