"Пара алды" деп айыпталып, 7 жылға сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, экс-депутат Бақытгүл Хаменованың түрме жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Бұл туралы Атырау қаласындағы сотқа сілтеп, "Ақжайық" сайты хабарлады.
Хаменоваға үкім 2022 жылы қарашада шығып, 7 жыл түрме жазасына кесілген. Бірақ кәмелетке толмаған екі баласы бары ескеріліп, жазасын 3 жылдан соң өтеуге міндеттелген. 10 наурызда үш жыл мерзімі аяқталған тұста сот оның жазасын бас бостандығын шектеуге алмастырды.
Сот Хаменованың "үш жылда қоғамдық тәртіпті бұзбағанын, әкімшілік жазаға тартырмағанын, бала тәрбиесімен айналысқанын ескеріп", жазасын жеңілдетті. Енді ол жазасының қалған уақытында пробациялық бақылауда болады.
Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тұрған кезде Абай Құнанбайұлының ескерткішіне бөлінген тендерден 4,5 млн теңге пара алды деп айыпталған. Бірақ ол өзіне тағылған айыпты мойындамаған еді. Апелляция қалалық соттың үкімін өзгертпеген.
Хаменова 2016 жылы депутат болған кезде Астана қаласын "Елбасы" деп атау туралы ұсыныс айтқан. Бұған қоса, ол елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мақтау сөздер айтып жұрт көзіне түскен.
Хаменоваға 2022 жылы үкім шыққан кездегі видео:
Your browser doesn’t support HTML5
Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шықты