Иранда тағы бір лидер өлтірілді. АҚШ-та соғысқа қарсы шенеунік отставкаға кетті

Your browser doesn’t support HTML5

Иран билігіндегі ең ықпалды тұлға саналатын Әли Ларижанидың қазасынан кейін Тегеран Израильге зымыран жаудырды. Cарапшы бұл оқиғадан кейін аймақтағы шиеленіс одан сайын ушыға түседі деп бағалап отыр. Ал АҚШ-та Ирандағы соғысты қолдамаған жоғары лауазымды шенеунік отставкаға кетті. Ол – Ұлттық терроризмге қарсы орталықтың жетекшісі Джозеф Кент.