Израиль Иранның барлау қызметінің басшысын өлтірді

Маджид Хадеми

Израиль Иран ислам революциясы сақшылар корпусы барлау қызметінің басшысы Маджид Хадемиді өлтіргенін мәлімдеді. Бұл туралы Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац айтты.

Иран революция сақшылар корпусы Tasnim ақпарат агенттігі арқылы Хадемидің өлімін растады. Мәлімдемеде барлау басшысы 6 сәуір таңертең "террорлық әрекеттен қаза тапқаны" айтылды.

Хадеми сақшылар корпусының барлау бөлімін 2025 жылы маусымнан бастап басқарады. Оның алдында бұл бөлімді басқарған Мохаммад Каземи Израильдің шабуылынан қаза болған еді.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға соғыс ашқалы Иран режимінің бірнеше жетекшісі мен әскери басшылары қаза тапты. Олардың арасында Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи мен жоғарғы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани бар.

Your browser doesn’t support HTML5

Аятолла режимін қорғайтын сақшылар корпусы