Қазақстанда құлаған дрондардың қайдан келгенін арнайы комиссия тексеріп жатыр

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында табылған дрон. 18 наурыз, 2025 жыл.

Қазақстан елдің батыс аумағына құлаған дрондарға қатысты тексеріп жүргізіп жатыр. Бұл туралы 8 сәуірде қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков айтты.

Оның сөзінше, үкіметаралық комиссия дрондардың қай елге тиесілі екенін, қай жақтан келгенін анықтайды.

Вице-министр "Қазақстанда әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары мен радиоэлектрондық құрылғылар жеткілікті, қазір дрондардан қорғайтын құрылғылар да сатып алынып жатыр" дейді. Мұстабеков Қазақстанның әуе қорғанысы "штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын" айтады.

Министр орынбасары Қазақстанға екі дрон құлады дейді. Бірақ осыған дейін елдің батыс өңірлеріне төрт дрон түскені айтылған.

Мәселен, 2025 жылы 18 ақпанда да БҚО Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы маңынан дрон табылған. Кейбір әскери сарапшылар құлаған дрон "ресейлік "Орлан 10" ға ұқсайды" деп жазған еді.

19 наурызда БҚО Тасқала ауданынан, 26 наурызда БҚО Жәнібек ауданынан, 18 маусымда Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы "Болашақ" темір жол станциясы маңынан дрон табылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Батыс Қазақстаннан тағы дрон табылды. Кімнің дроны? Қайдан келді?