Чехиядағы қазақтар Наурыз мейрамын тойлады
Your browser doesn’t support HTML5
Чехия астанасы Праганың орталығында Наурыз тойы өтті. Қазақтар киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар пісірді, ұлттық ойындар ойнады. Шараны Qazaq Nomad қауымдастығы ұйымдастырды, оған Праганың жергілікті әкімшілігі мен Қазақстан елшілігі қолдау білдірді. Чехияда 10 мыңға жуық қазақстандық тұрады.