Венгриядағы сайлауда оппозиция лидері Петер Мадияр жеңді. Орбанның 16 жылдық билігі аяқталды
Your browser doesn’t support HTML5
Венгриядағы парламент сайлауында оппозиция лидері Петер Мадияр елдің қазіргі премьер-министрі Виктор Орбанды айқын басымдықпен жеңді. Орбан АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуропадағы ең жақын серіктестерінің бірі болып, сөйте тұра Кремльмен де тығыз қарым-қатынас құрған. Мадияр ел бағытын Мәскеуден Еуроодаққа қарай бұруға уәде еткен.