Иран Ормуз бұғазы ашылғанын мәлімдеді

Ормуз бұғазы.

17 сәуірде Иран Ормуз бұғазы толық ашылды деп мәлімдеді. Елдің сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Х желісінде "Ливандағы атыс тоқтаған тұста барлық коммерциялық танкерлер үшін Ормуз бұғазы толық ашылғанын", "кемелер атысты тоқтату бойынша келісімнің уақыты аяқталғанға дейін өте алатынын" мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде "Иран қазір ғана Ормуз бұғазы толық ашылғанын және кемелерге өтуге болатынын хабарлады. Рақмет!" деп жазды.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасағанда Тегеран Ормуз бұғазын жауып тастаған. Бұдан соң әлемде мұнай бағасы қымбаттап, мқнай тасымалы бұзылған. Әлемдегі мұнай экспортының 20 пайызы осы бұғаз арқылы өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ормуз бұғазында не болып жатыр? Қазақстан мұнай тасымалын арттыра ала ма?

8 сәуірде АҚШ пен Иран екі аптаға атысты тоқтатуға келіскен еді. Трамп Иран Ормуз бұғазын ашуды талап еткенімен, нәтиже болмаған. Бұған жауап ретінде АҚШ кемелерді Иран порттарына өткізбей қойған.

Иранға шабуыл тоқтағанымен Израиль Ливанға соққы жасауды жалғастырған еді. Ливанда Иран қолдайтын "Хезболла" тобы (АҚШ террорлық ұйым деп таныған, Еуропа "Хезболланың" әскери қанатын террорлық ұйым дейді) бар.

16 сәуірде Израиль мен Ливан он күнге атысты тоқтатып, келіссөз жүргізуге келісті.

Your browser doesn’t support HTML5

Израиль мен Ливан 10 күндік келісімге келді. Ал "Хезболла" атысты тоқтатуға келісе ме?