"Хочу жить": Орталық Азиядан шыққан 13 мыңға жуық адам Украинада Ресей үшін соғысып жүр

Украиналық "Хочу жить" жобасы Орталық Азия елдерінен шыққан 12 666 азаматтың Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырғанын анықтаған. Бұл дерек жобаның Telegram-дағы "Украина – Орталық Азия" дейтін каналында жарияланды.

Келісімшартқа отырғандардың ең көбі Өзбекстаннан шыққан. Олардың саны – 4853 адам. Одан бөлек, Тәжікстаннан 3407, Қазақстаннан 2389, Қырғызстаннан 1439 және Түркіменстаннан 578 адам бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Сүйегін елге әкелмеңдер". Қазақстан азаматтары Украинадағы соғыста қалай қаза тауып жатыр?

Ресей сапында соғысуға бел буғандар саны кейінгі жылда күрт артқан. Былтыр көктемде және жазда жоба тізімінде Орталық Азия елдерінен 5740 адам, яғни қазіргі көрсеткіштен екі есе аз адам болған. Жоба авторлары деректерді нақтылау жалғасып жатқанын айтады. Әзірге Ресей әскеріне қосылған Орталық Азия азаматтарының нешеуі қаза тапқаны айтылмады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Отбасымды көргім келеді". Украинаға тұтқынға түскен Орталық Азия тумаларының көмек сұраған дауысы неге естілмей қалып жатыр?