Бизнесмен Гаджиев "Бәсе" арнасын неге сотқа берді?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстандық кәсіпкер және Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Гаджи Гаджиев «Бәсе» жобасының негізін қалаушы, журналист Наталья Садықованың үстінен Киев сотына арыз түсірді. Ол Наталья Садықованы өзіне "жала жауып отыр" деп атап, қастандықпен қаза тапқан оппозициялық блогер Айдос Садықовтың өліміне қатысы жоғын айтады. Азаттық Наталья Садықовадан және Гаджи Гаджиевтен шағым жайлы сұрады.