Қазақстанға келген орыстар шағымы. Құжат алу тәртібі неге қатаңдады?
Your browser doesn’t support HTML5
Соғыс пен мобилизациядан қашқан ондаған мың ресейлікке пана болған Қазақстан шетелдіктердің елде жүру ережелерін қатаңдатып жатыр. Релоканттар ықтиярхат беруден бас тарту жағдайлары жиілегеніне шағынып, алаңдатып отырғанын айтады. "Азаттық Азия" қызметі Қазақстандағы ресейліктермен және оларға көмектесетін жоба өкілдерімен сөйлесті.