Астанадағы мәлімдеме: "Армения референдум өткізуі керек"

Your browser doesn’t support HTML5

29 мамыр Кремльдің ресми сайты Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттерінің Еуразия экономика одағы (ЕАЭО) атынан Арменияның Еуропа одағына кіру ниетіне байланысты бірлескен мәлімдемесінің мәтінін жариялады. Құжат мазмұны Армения Еуроодаққа кіру немесе ЕАЭО-дағы мүшелігін жалғастыру туралы мәселені кезектен тыс ұлттық референдум өткізіп айқындағаны жөн дегенге саяды. Бұл мәлімдеменың астарында не жатыр?