Маңғыстау өңіріндегі Баутино кентінде теңіз жағалауынан өлген итбалықтар пен бекіре тұқымдас балықтар табылған

Итбалық өлекселері (архивтегі фото)

Маңғыстау облысының Экология департаменті 1 маусым күні Баутино кентіндегі су тұщыту зауытының маңындағы теңіз жағалауынан 20 итбалық пен бекіре тұқымдас 8 балықтың өлексесі табылғанын хабарлады. Бұл туралы "Курсив" басылымы жазды.

Экология департаментінің мамандары Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының теңіз жағалауындағы су құрамын тексеруге кіріскен.

Биыл сәуір айының ортасында Түпқараған ауданынан 200-ге жуық, ал мамыр айында тағы 30-дан итбалық өлексесі табылған еді. Ол кезде де су құрамын тексерген мамандар ластаушы заттар анықталмағанын хабарлаған.