Қырымда дүкен сөрелері босап қалған
Your browser doesn’t support HTML5
Ресей аннексиялаған Қырымда тұрғындар дүкен сөрелері босап қалғанын айтып, кейбір негізгі азық-түлік тауарларын сатып алуға шектеу қойылғанына шағынып жатыр. Мұндай жағдай өңірдегі тасымал жүйесі бұзылып, жанармай қат болып жатқанда қалыптасып отыр. Бұған Украина дрондарының Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына және Қырымды Ресеймен байланыстыратын құрлық жолдарына жасаған шабуылдары әсер еткені айтылып жатыр.