Иран әншісі Youtube-тегі видеосы үшін дүре соғу жазасына кесілді
Your browser doesn’t support HTML5
Иран соты әнші Парасту Ахмадиді YouTube-тегі видеосы үшін 74 рет дүре соғу жазасына кесті. Кейінгі екі жылда бұл видео 2,9 миллион қаралым жинаған.
Ахмади 2024 жылы бос театр сахнасында сегіз музыкант пен техникалық топ мүшелерінің сүйемелдеуімен «Жастардың қанынан» атты танымал патриоттық әнді орындаған. Онлайн концертті ұйымдастырған өзге сегіз адамға да дүре соғу үкімі шығып, алдағы екі жылға шетелге шығу және кез келген шығармашылық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Парасту Ахмади хиджабсыз ән айтқаны үшін «қоғамның әдеп нормасын бұзды» деп айыпталды. Иранда әйелдердің басына орамал тағуын заң арқылы міндеттелген және оның сақталуын арнайы әдеп полициясы қадағалайды.