Ингушетияда досын құтқармақ болған 8 жасар Хизир суға кетіп қаза тапты
Your browser doesn’t support HTML5
Ингушетияда досын құтқармақ болған кезде Сунжа өзеніне батып қаза болған 8 жасар Хизир табылды. Баланы іздеуге құтқарушылармен бірге мыңдаған жергілікті тұрғын мен көрші өңірлерден келген еріктілер қатысты. Солардың қатарында Мекке мен Мәдинаға велосипедпен қажылық сапарға шыққан Қырғызстан азаматы Бабыржан Халмырзаев та болды. Айтуынша, ол Кавказға кездейсоқ тап болған.