Әскерде жарақаттанып, комаға түскен Ербаян қайтыс болды
Your browser doesn’t support HTML5
Әскери бөлімде ауыр жарақаттанып, төсек тартып жатып қалған сарбаз Ербаян Мұхтар 23 маусымда көз жұмды. Дәрігерлер оның жағдайы біртіндеп нашарлап, инфекциялық асқынулар болып, өмірін құтқару мүмкін болмады деді. Жұмбақ жағдайда басы жарылған Ербаян 2023 жылдан бері емделіп жүрген. Оның ісі әлі тергеліп жатыр.