Ресей Қазақстаннан бензин алу бойынша келіссөз жүргізіп жатқаны айтылды
Your browser doesn’t support HTML5
Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна АИ-92 бензинін алу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы төрт дереккөзіне сілтеп Reuters агенттігі хабарлады. Маусым айында Украина Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуылды үдетіп, Ресей аймақтарында жанар-жағармай тапшылығы болып жатыр. Reuters дереккөздері Қазақстан Ресеймен салыстырғанда бензинді аз шығаратындықтан көп бензин бере алмайды деген.