"Бензин туризмі". Ресейліктердің Қазақстанға жанармай үшін келе бастаған

Your browser doesn’t support HTML5

Ресейде жанармай жеткізу қиындаған тұста кейбір жүргізушілер көлігіне жанармай құю үшін Қазақстанға келе бастады. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда олар Қазақстанда бензин Ресейдегіден арзан екенін әрі жанармай құю бекеттерінде кезек жоғын айтады. Бұл кезде Ресейде жанармай жетіспей жатқаны байқалып отыр. Украина күштерінің шабуылдарынан бірнеше мұнай өңдеу зауыты істен шығып, салдарынан билік бензин сатуға уақытша шектеу енгізуге мәжбүр болды. Владимир Путин елде бензинге қатысты қиындық барын мойындағанымен, оны уақытша нәрсе деп атады.