Хаменеиді жерлеуге сегіз елдің басшысы қатысады

Аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға келген ирандықтар. Тегеран, 3 шілде 2026 жыл.

Иран сыртқы істер министрлігі елдің рухани көсемі Әли Хаменеиді жерлеу рәсіміне сегіз елдің басшылары, 12 елдің парламент спикерлері қатысады деп мәлімдеді.

Ал қазақстандық жергілікті ақпарат құралдары Иранның Қазақстандағы елшілігіне сілтеп, Хаменеиді жерлеуге Қазақстаннан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев барғанын хабарлады.

Иран сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жерлеу рәсіміне Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ирак президенті Абдуллатиф Жамал Рашид, Грузия президенті Михаил Кавелашвили, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Пәкістан премьер-министрі Шахваз Шариф қатысады

Тегеран Хаменеиді жерлеуге АҚШ пен Израильдің Иранға соғысын қолдаған еуропалық елдер басшылары шақырылмады деп мәлімдеді.

Хаменеимен қоштасу рәсімі 4 шілдеде Тегеранда басталады. Оның сүйегі 9 шілдеде туған жері Мешхед қаласында жерленетіні хабарланды.

Иранды 1989 жылдан бері басқарған Аятолла Әли Хаменеи 28 ақпанда Израиль мен АҚШ-тың Тегеранға соққысы кезінде қаза болды. Тегеран соғысқа байланысты жерлеу рәсімін кейінге қалдырып келген.