Иран Әли Хаменеиді жерлеуге дайындалып жатыр
Your browser doesn’t support HTML5
Иран елдің рухани көсемі Әли Хаменеиді жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр. Иран сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жерлеу рәсіміне Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ирак президенті Абдуллатиф Жамал Рашид, Грузия президенті Михаил Кавелашвили, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Пәкістан премьер-министрі Шахваз Шариф қатысады Ал қазақстандық жергілікті ақпарат құралдары Иранның Қазақстандағы елшілігіне сілтеп, Хаменеиді жерлеуге Қазақстаннан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев барғанын хабарлады. Хаменеимен қоштасу рәсімі 4 шілдеде басталып, бірнеше күнге созылады.