"Мәскеуге мың дрон ұшып барғанда ол түсінеді". Зеленский соғыс әуеге ауысты дейді

Ресейдің Омбы мұнай зауытына жасалған шабуыл. 6 шілде 2026 жыл.

Ресей мен Украина арасындағы соғыс құрлық пен теңізден әуеге ауысты деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский. Оның сөзінше, "әуедегі шайқас соғыстың тағдырын шешеді".

"Украина майдан шебіндегі қорғанысын ұстап, теңізде де Ресейге төтеп беріп жатыр. Сондықтан шайқас алаңы әуеге алмасты. Бұл шайқаста жеріңнің үлкендегі маңызды болмай қалды. Ал әуеде біз қақтығысқа қабілеттіміз" деді Зеленский Financial Times басылымына берген сұхбатында.

Зеленскийдің бұл сұхбаты Украина Ресейдің мұнай базаларына, ал Ресей Киевке шабуылдап жатқан тұста жарияланды.

Өткен аптада Ресей Украина астанасына екі рет соққы жасап, ондаған адам қаза тапты. 6 шілдеде Ресейдің ең ірі мұнай базасы – Омбы мұнай өңдеу зауытына шабуылдады.

Зеленский Украинаның әуе қорғанысы әлсіз екенін айтады, бірақ соған қарамастан бұл қақтығыста жеңіске жетуге болады деп санайды.

"Мәскеуге қарай жүз емес мың дрон ұшып барғанда ол түсінеді. Ол мұны жеке сезінгенде, өз көзімен көргенде кеңесшілері Орал жаққа кетуге көндіреді. Путин Мәскеуден алыстаған сайын соғыстың соңы жақындайды" дейді Украина президенті.