Cемсерлесудің шпага түрінен Қазақстан ерлер құрамасы (Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарламов) командалық жарыста әлем чемпионы атанды. Құрама Гонконгта өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында Украинаны жеңді – 45:40.
Ал 1/16 финалда Финляндиядан (45:39), 1/8 финалда Өзбекстаннан (28:27), ширек финалда Даниядан (45:36), жартылай финалда Египеттен (41:32) басым түсті.
Қазақстан шпага құрамасы алғаш рет әлем чемпионы атанып отыр. Былтырғы әлем біріншілігінде қола медаль алған еді.
Қазақстан құрамасы тұғырда: Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Руслан Курбанов (солдан оңға қарай). 29 шілде 2026 жыл.
Украиналық бапкер Александр Горбачук жаттықтыратын Қазақстан шпага құрамасы биыл Азия чемпионы атанған еді.
Шпагадан командалық жарыс жазғы олимпиада ойындарының бағдарламасына енеді.