Тойда тілек орнына уағыз айтқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Your browser doesn’t support HTML5
Түркістан облысында полиция 66 жастағы тұрғынды уақытша ұстау изоляторына қамап, діни және әлеуметтік араздық қоздыру белгілері бойынша іс қозғаған. Мұны 5 тамыз күні Қазақстанның ішкі істер министрлігі хабарлады. Іс қозғауға осы ер адамның тойда айтқан сөзі түрткі болған.