Украинаға шабуылдан 17 адам қаза тапты
Your browser doesn’t support HTML5
5 тамызда Ресей Украина астанасына және Киев облысына зымырандармен және дрондармен соққы жасады. Шабуылдан кемінде 17 адам қаза тапты. Олардың сегізі Бровары қаласындағы теміржол станциясының маңында мерт болған. Сондай-ақ соққы салдарынан Украинаның Epicentr сауда желісіне тиесілі ірі қойма толықтай дерлік қираған.