Журналист Динара Егеубаеваның үстінен қылмыстық іс қозғалған
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыдағы жол апатынан кейін журналист Динара Егеубаеваның үстінен қылмыстық іс қозғалды. 31 шілдеде оның көлігіне велосипед мінген адам соғылған. Полиция Егеубаеваны «абайсызда адам денсаулығына орташа зиян келтіру» бабымен тергемек. Ал өзі мұны «тапсырыспен ұйымдастырылған іс» деп санайды.