Балқаш қорығына Амур жолбарысы жіберілді

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақ даласына жолбарыс қайта орала бастады. Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватында Ресейден әкелінген Амур жолбарыстарының бірі – Үміт дейтін ұрғашы жолбарыс табиғи ортаға жіберілді. Бұл – 70 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен Тұран жолбарысының популяциясын қайта қалпына келтіруге бағытталған халықаралық жобаның алғашқы практикалық қадамы.