Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақстан ғылым және жоғарғы білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады. Министрліктің мәліметінше, биылғы конкурсқа 127 мың өтініш түсіп, 75 мыңнан аса талапкер грантқа түсті. Биыл оқуға тапсырғандар былтырмен салыстырғанда 14 мың үміткерге көп. 2025 жылы 113 мың талапкер грантқа құжат өткізген.

Гран иегерлерінің тізімін мына сілтемеден таба аласыз.

Қазақстан ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, биыл талапкерлердің көбі инженерия, құрылыс, педагогика ғылымдары, ақпараттық технология мамандықтарын таңдаған.

Былтыр мемлекет 77 мың грант бөлген еді.