Қайрат Сатыбалдыға тиесілі "Байсат" базары бір жылдан кейін аукционда сатылды

Қайрат Сатыбалды (сол жақта) сотта отырған сәт.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы "Байсат" базары аукционда сатылды. 2025 жылы қыркүйекте сатылымға шығарылған базар 24,8 миллиард теңгеге өткен. Бұл туралы ақпарат электронды тауар алаңында жарияланды.

"Байсатты" кім сатып алғаны айтылмайды. Былтыр қыркүйекте базар саудаға шығарылғанда бағасы 28,6 миллиард теңге болған. Кейін базар өтпей бағасы 26 млрд теңгеге түскен. Ал биыл жыл басында бағасы 24,7 млрд теңгеге төмендеген.

"Байсат" базары Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанның атына жазылған. 2022 жылы қанды Қаңтар оқиғасынан соң Қайрат Сатыбалды қамауға алынған. Ол "Қазақтелеком" және "Көлік сервисі орталығы" компанияларынан аса ірі көлемдегі қаржы жымқырды деген айыппен алты жылға сотталып, мүлкі тәркіленген. Кейін Қайрат Сатыбалдының түрме жазаы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Дубайдағы Қазақстан: Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары

Сарапшылар 2022 жылы болған Қаңтар оқиғасынан кейін экс-президент Назарбаевтың туыстары қамауға алынып, отбасы мүшелері жоғары лауазымдардан шеттетілгенін бұрынғы кланның әлсірегені деп есептейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Сот Қайрат Сатыбалдының түрме жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырды