Ресейдің Краснодар аймағындағы Ильск мұнай өңдеу зауытына дрон шабуылынан соң өрт шыққан. Бұл турады аймақтағы жедел штаб хабарлады. Алдын ала ақпарат бойынша, бес адам зардап шеккен.
Бұған қоса, 8 тамызға қараған түні Украина дрондары Самара облысына шабуылдады. Аймақ басшысы Вячеслав Федорищев дрон бір кәсіпорын аумағына түсті дейді. Бірақ қандай кәсіпорынға дрон шабуылдағанын айтпады. Ал Astra телеграм-арнасы куәгерлерге сілтеп, Сызрань мұнай өңдеу зауытында өрт шықты деп хабарлады. Украина дрондары бұл зауытқа бұған дейін де шабуыл жасаған.
Липецк облысындағы Задонск қаласына да дрон шабуылдап, адамдар зардап шеккен. Аймақ басшысы Игорь Артамоновтың сөзінше, төрт жеке үй, көліктер мен электр желілері бұлінген. Бір дрон жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйге түскен.
Ресей қорғаныс министрлігі 8 тамызға қараған түні Украинаның 397 дронын жойдық дейді.
Ресей де Украина қалаларына шабуылдады. Киев қаласы мен Киев облысында шабуылдан төрт адам қаза тапқан. Алдын ақпарат бойынша, қаза тапқандар арасында ерлі-зайыпты мен олардың төрт жастағы немересі қаза болған.
Your browser doesn’t support HTML5
Екатеринбургтегі жарылыс, Татарстанға жеткен дрондар, Запорожьедегі тіршілік | Cоғыс жаңалықтары