Жаңа заңдағы талап сайлауды бақылауға неге кедергі болып тұр?

Your browser doesn’t support HTML5

Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. Саяси науқанға Ақорда саясатын қолдайтын алты партия қатысады. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруді бақылауға жүздеген байқаушы қатысатынын хабарлап отыр. Алайда заңдағы жаңа талап бұған дейін бақылау жасап келген бірнеше ұйымды процестен шеттетіп отыр.