Журналист Бажкеноваға үкім шықты
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда журналист Гүлнәр Бажкеноваға үкім шықты. Алматы соты оны үш бап бойынша кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар оған бес жыл бойы журналистикамен және қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Бажкенова өзіне тағылған айыптарды мойындамай, сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеді.