"Сіздер – Ресей, мен – Украина". Журналист Гүлнәр Бажкенова сегіз жылға сотталды
Your browser doesn’t support HTML5
18 тамызда Алматы соты журналист, Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы сегіз жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бажкенова "Бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру", "Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу", "Көрінеу жалған ақпарат тарату" деген үш бап бойынша айыпты деп танылды. Журналист айыпты жоққа шығарып, судьядан кәсіби қызметіне тыйым салмауды сұраған.