Орынбордағы Ozon қоймасына соққы жасалды

23 тамызға қараған түні Ресейдің Орынбор қаласындағы Ozon қоймасына дрон шабуылы жасалды. Бұл туралы ресейлік және украиналық баспасөз құралдары мен Telegram арналары хабарлады.

Орынбор мэрі Альберт Юмадиловтың айтуынша, Ozon қоймасының аумағына дрон қалдықтары түскен.

Шабуыл жөнінде Ozon компаниясының өзі де мәлімдеме жасады. Оған қарағанда, шабуыл кезінде қоймадан 300-ден астам жұмысшы эвакуацияланған. Әзірге жапа шеккендер анықталмаған.

Ресей қорғаныс министрлігі түні бойы Ресей аумағында 328 украин дронын атып түсіргенін мәлімдеді.

Украина қарулы күштері Орынбордағы қоймаға шабуыл бойынша пікір білдірмеді.

Осыдан бір күн бұрын украин күштері Ozon маркетплейсінің Самара облысы Чапаевск қаласындағы қоймасына шабуылдаған. Салдарынан қойма өртке оранған. Бұл Украина күштерінің Ozon қоймасына жасаған алғашқы шабуылы болды. Бұған дейін Киев Wildberries компаниясының 20-дан астам ірі қоймасын нысанаға алған.

Ресей де Украинаға соққы жасап жатыр. Түнде Харьков қаласындағы жеке секторға соққы жасалып, сегіз адам жарақат алған, оның бірі бала болған. Бұл туралы Украина төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Ресей де Украинаға соққы жасап жатыр. Түнде Харьков қаласындағы жеке секторға соққы жасалып, сегіз адам жарақат алған, оның бірі бала болған. Бұл туралы Украина төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. Telegram-дағы Supernova+ арнасының хабарлауынша, Львов қаласындағы дәріханада жарылыс болып, екі адам қаза тапқан.

22 тамызда Украинаның орталық бөлігіндегі Кривой Рог қаласындағы сауда орталығына жасалған ресейлік дрон шабуылынан кемінде 16 адам қаза тауып, 130-дан астам адам жараланды. Зардап шеккендер арасында 23 бала бар. Кейбірінің жағдайы өте ауыр.