Мәскеу маңындағы Коломна қаласынан археологиялық қазбалар кезінде қазына табылды. Қала орталығында мәдени қабатты зерттеген археология институтының экспедициясы саздан жасалған құмыра тапты, онда 2600-ден астам соғылған күміс тиын сақталған.
Ғалымдардың сөзінше, тиындардың көбі 15 ғасырдың басында Коломнаның өзінде соғылған. Бұл князь Василий Дмитриевич пен оның ұлы Василий Темный кезеңіндегі ақша. Коломно ол кезде Мәскеу княздығында маңыздылығы жағынан екінші қала болды.
Тиындардың кейбірін тарихшылар жақсы біледі, ғалымдар бұрын-соңды көрмеген тиындар да бар. Бұл 15 ғасырдың бірінші жартысында табылған ең ірі кешен. Ақшаның бір құмырада сақталуы оның иесі оны арнайы бір жерге ұқыптап жасырғандығынан хабар береді. Құмыраның иесі Коломнадағы ең ауқатты тұрғындардың бірі – табысты көпес немесе князьға қызмет еткен жоғары лауазымды тұлға болуы мүмкін.