Алматыда ер адам электр самокаттан құлап, қаза болды

30 тамызға қараған түні Алматыда 44 жастағы ер адам электр самокаттан құлап қаза болды. Қайғылы оқиға Төле би даңғылына жақын Варламов көшесінде болған.

Алматы полициясының хабарлауынша, ер адам самокатты басқара алмай, жиектасқа соғылып, құлаған. Соның салдарынан қатты жарақат алған.

Оқиға орнына келген дәрігерлер оны құтқара алмаған. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, ер адам самокатты шлем және де өзге де қорғаныш құралдарынсыз айдаған. Полиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.