1 қыркүйекте Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің басшылары қатысқан "ШЫҰ плюс" саммиті өтті. Жиын ұйымның 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Бішкектегі саммит аясында талқыланған жайттарды шолып шықтық.
БҰҰ ЖҰМЫСЫНА СЫН
Бішкектегі жиындарда әлемдегі қақтығыстар, климат, су мәселесі талқыланып, БҰҰ-ның жұмысына қатысты сын айтылды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "атына жиі сын айтылатын" БҰҰ-ға "балама ұйым жоқ" деп, бұл ұйымды нығайту, тиімділігін арттыру – ортақ мүддеміз" деп мәлімдеді.
"Қазақстан БҰҰ халықаралық жүйенің өзегі, ал оның Жарғысы халықаралық құқықтың әмбебап негізі болып қалуға тиіс деп санайды" деді ол ШЫҰ+ саммитінде.
Тоқаев "превентивті дипломатияны нығайтпай, БҰҰ-ны институттық тұрғыдан жаңғырту мүмкін емес" деп санайды.
"Қақтығыстардың алдын алу және дау-дамайды бейбіт жолмен реттеу мәдениетін қалыптастыру үшін ұжымдық күш-жігер керек. Осы бағдарды басшылыққа алған Қазақстан биыл шілдеде Қытайдың бастамасын қолдап, Медиация жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы конвенцияға мүше болды" деп мәлімдеді Қазақстан президенті.
Тоқаев бұған дейінгі сөздерінде де БҰҰ-ның жұмысын сынап, ұйымға үлкен өзгеріс керек деген еді. Сондай-ақ ол Орталық Азия елдері алдағы уақытта су мәселесіне тап болатынын да бірнеше рет мәселе етіп көтерген. Бішкектегі жиында да су ресурстарының проблемасына тоқталды.
"Су проблематикасымен БҰҰ-ның ондаған құрылымы айналысады. Алайда кең өкілеттікке ие біртұтас үкіметаралық әмбебап ұйым құрылған жоқ. Дәл осы себепті Қазақстан БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымының негізін қалауды ұсынды. Оның міндеті – қолданыстағы тетіктерді қайталамай, керісінше, ортақ істі үйлестіру, үкіметтер арасындағы тұрақты диалогты қамтамасыз ету, ресурстарды жұмылдырып, өзара келісімді шешімдер әзірлеу. ШЫҰ Су мәселелерін талдау орталығы осы жаһандық бастаманы өңірлік деңгейде толықтыра алар еді. БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымы мен ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құру туралы ұсынысыма мүше мемлекеттер қолдау көрсетеді деп сенемін" деді Тоқаев Бішкектегі жиында.
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитіне қатысушы елдердің жетекшілері. Бішкек, Қырғызстан, 1 қыркүйек, 2026 жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон да "климат өзгерісінің салдары қатты сезіле бастағанын" айтып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Ол 2030 жылдан кейін су мәселесін шешу және мұздықтарды сақтау үшін "Душанбе су процесін" бастауды ұсынды.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та БҰҰ жұмысының тиімділігін арттыру керегін айтады.
"Қырғызстан БҰҰ-ны, соның ішінде Қауіпсіздік кеңесін реформалауды қолдайды. Мұндай реформа кеңейтілген келісіммен жүзеге асуы тиіс" деді ол.
Ал Әзербайжан президенті Илхам Алиев "Әзербайжан мен Армения арасындағы келісімдерді жақсарту бойынша қарарларды іске асыруда ешқандай рөл ойнамады" деп мәлімдеді.
"Бір жыл бұрын Әзербайжан мен Армения 30 жылдан аса уақытқа созылған жанжалға нүкте қойды. Осыдан соң көп жыл бойы қақтығыс ошағы болған Кавказ аймағында тыныштық орнады. Әзербайжан қазір Арменияға мұнай өнімдерін жеткізіп, үшінші елдерден келетін жүктердің транзитін қамтамасыз етіп отыр" деді ол.
Бішкекке келген БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш "әлемдегі өзгерістер мен дамып келе жатқан елдердің өкілетін кеңейту үшін халықаралық институттарды реформалау керек" деп мәлімдеді.
"Әлемде әділетті тәртіп орнату үшін біз БҰҰ және Бреттон-Вудс (әлем елдері арасында сауда қатынасын реттейтін халықаралық жүйе - ред.) сияқты көптарапты институттарымызды заман талабына лайықтап реформалауымыз керек" деді ол.
Гутерриш Украинадағы және Таяу Шығыстағы соғыстарға тоқтатып, халықаралық келісімдер мен нормаларды сақтауға шақырды.
"ӘЛЕМДІК ТӘРТІП – БІР-БІРІМІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗДЫ СЫЙЛАУ"
Қазақстан президенті Тоқаев Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті талқылау үшін министрлер деңгейінде ШЫҰ конференциясын өткізуді ұсынды. Конференцияда әскери қауіптерді азайту, қарулану жарысын тежеу және қауіпті оқиғалардың алдын алу мәселесін талқылау керек дейді ол.
Тоқаев ШЫҰ-ға мүше елдер басшыларының кеңесінде терроризм, экстремизм және сепаратизмді "үш зұлым күш" деп атап, бұлар трансұлттық қылмыспен, есірткі тасымалымен, заңсыз қару айналымы және киберқауіппен астасып жатқанын айтады. Қазақстан президенті осы қауіптермен "бірігіп күресу басты бағыт болып қала береді" деп мәлімдеді.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әлемде әділетті тәртіп құру тәуелсіз елдердің таңдауын құрудан, халықаралық міндеттемелерді орындаудан және диалогты сақтаудан басталатынын айтты.
"Әділетті тәртіп барлық елден бірдей ойлауды талап етпейді. Талап – бір-бірімізді сыйлап, міндеттемелерімізді орындап, қаншалықты қиын болсада диалогты тоқтатпау" деді ол.
Бішкектегі жиын Ресейдің Украинадағы соғысы жалғасып, Иран АҚШ-пен қақтығысып, ал Қытай Вашингтонның сауда қысымына тап болған, халықаралық шиеленістер күшейген кезеңге тұспа-тұс келді. 2001 жылы құрылған ұйымның мүшелері ширек ғасырда алтыдан онға жеткен. Қазір оның құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Ресей, Беларусь, Үндістан, Пәкістан, Иран бар. Ұйымның ауқымы ұлғайғанымен, оның ішіндегі мүдделердің әрдайым бір жерден шығатыны байқала бермейді.
Бішкектегі "ШЫҰ плюс" саммитіне ұйымға мүше елдердің басшылары (Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай басшысы Си Цзиньпин де бар) және Түркия президенті Режер Тайып Ердоған, Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян да қатысты.
Ресей президенті Владимир Путин, Үндістан премьері Нарендра Моди және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Бішкекта.
Бішкектегі саммит алдында Ресей президенті Владимир Путин 31 тамызда Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездескен. Моди кездесуде Путинді Украинадағы соғысты аяқтауға сұраған.
"Соғыс жалғасқан сайын әр күні адамзат бір қадам кері басады және бейбітшілікке қарай жасалған әр қадам күллі адамзатқа бейбітшілікке деген шынайы үміт береді. Біз шексіз соғыстан оның аяғына, әскери әрекеттердің соңына қарай жылжуымыз керек. Бұл күллі адамзат үшін өте маңызды. Біз барлық мәселені бейбіт жолмен шешуіміз керек, барлық адамзаттың талабы сондай. Бұл Үндістанның да үндеуі: Үндістан – Ганди елі, Будда елі, біздің үндеуіміз де осы", – деген Моди Путинді Украинамен соғысты тоқтатуға тікелей шақырып.
Путин Модиге "Біз осы жолмен жүріп келеміз" деп жауап қатқан.
Ал Путин саммитте Украинадағы соғыс жайлы ашық мәлімдеме жасамады, бірақ "қарулы қақтығыстарды арандатпау" жайлы айтты.
"Біздің Бішкектегі бірлескен жұмысымыз Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, бүкіл Еуразиядағы қауіпсіздікті нығайтуға, бейбіт даму мен өркендеуді қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенімдімін. Осыған байланысты, бүгін, 1 қыркүйек — Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған күні екенін еске салғым келеді. Қарулы қақтығыстарды қандай да бір жолмен арандатуға жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біздің бүгінгі жұмысымыз дәл осы мақсатқа бағытталғанына сенімдімін" деді Путин.
Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ маусым айындағы келісімнің міндеттерін орындаса, Тегеран да келісімді сақтауға дайын екенін мәлімдеді.
Your browser doesn’t support HTML5
Путин одақтастарын тыңдай ма? Бішкекте саммит өтті. — AzatNEWS l 01.09.2026.