Ресей президенті Владимир Путин Украина шабуылдарынан қираған мұнай зауыттары жақында толық жөнделеді деп мәлімдеді.
"Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Кеше [2 қыркүйекте] энергетика министрі зауыттардың ішінде жөнделмеген 10 пайызы ғана қалғанын айтты" деді ол 3 қыркүйекте Владивостокта өтіп жатқан Шығыс экономика форумында.
Путин форумда мұнай зауыттарына шабуылды күтпегенін мойындады.
"Біз бұл азаматтық нысандар қарулы қақтығыс кезінде де шабуылға ұшырайды деп ойлған жоқпыз. Өкінішке қарай біз қателесіппіз. Біздің қарсыласымыз басқаша ойлайды екен, олар бұл азаматтық нысандарға соққы жасай бастады" деді ол.
Украина бірнеше айдан бері Ресейдің ірі мұнай зауыттарына дрондармен соққы жасап, соның салдарынан бұл елде жанармай тапшылығы басталған. Бензин дағдарысы тұсында Ресей Қазақстаннан жанармай сұрағаны айтылған.
Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеп Мәскеу облысындағы ірі мұнай өңдеу зауыты 2026 жылдың соңына дейін істен шыққанын жазған.
Украина Ресейдің мұнай зауыттарын әскери нысан деп таныған. Киев Ресей мұнай зауыттарында өндірген жанар-жағармайды әскеріне, әскери мақсаттарға қолданып жатыр дейді.