Көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан финалға шықты

Көкпардан Қазақстан құрамасы.

Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан Қазақстан құрамасы финалға шықты. Құрама топта Ресей және Венгрияны жеңді. Финалда Қырғызстанмен ойнайды. Шешуші кездесу 6 қыркүйекке жоспарланған.

Бұған қоса Қазақстан мен Қырғызстан көк бөрүден де финалға шығуға жақын тұр.

Ойындардың алдында көкпар мен көк бөрүден Қазақстан мен Қырғызстан фаворит саналған.

Қазақтың ұлттық спорты саналатын көкпарда командалар серкені я муляжды мәре деп аталатын шеңберге тастауы керек. Ал қырғыздың ұлттық спорты саналатын көк бөрүде серкені тайқазанға тастайды. Көкпарда командалар серкені шеңберге толық түсірсе ғана ұпай алады. Көк бөрүде тайқазанға серкенің үштен екісі түссе ұпай болып саналады. Екіншіден, көкпарда 20 минуттан екі тайм, көк бөрүде 15 минуттан үш тайм ойнайды. Үшіншіден, көкпарда серкенің салмағы 35 келі, ал көк бөрүде 30-32 келі болады. Төртіншіден, ойын алаңдарында да сәл айырмашылық бар. Көкпарда алаңның ұзындығы 220 метр, ені 70 метр. Көк бөрүде ұзындығы 210 метр, ені 80 метр. Бесінші айырмашылық, көкпарда серке жерден көтерілмесе бір минуттан соң жекпе-жек болса, көк бөрүде серкені көтеруге екі минут беріледі.

Дегенмен екі спортта да командада 12 шабандоз, 8-12 жылқы болады және алаңға төрт ойыншы шығып ойнайды.

Көкпар я көк бөрүден қазақ пен қырғыз ойыншылары арасында ережеге және төрелікке қатысты бірнеше рет дау болған. Мәселен, 2024 жылы Астанада өткен Көшпенділер ойынында көкпардың финалында екі елдің спортшылары бір-бірін қамшымен ұрды деп айыптаған. Финал уақытша тоқтап, ойыншыларды полиция ажыратқан. Кейін финал қайта жалғасып, Қазақстан 5:4 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал қырғыз спортшылары төрелік әділ болмады деп марапаттау рәсіміне шықпай қойған. Жанжалдан соң Қазақстан сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, 1бұл жағдай екі елдің достығына әсер етпейді1 деген еді.

Your browser doesn’t support HTML5

Көкпар мен көк бөрүнің айырмашылығы қандай?