Украинадағы соғыста ресейлік генерал-майор Антон Грунис қаза тапты. Бұл туралы Суворовск училищесі түлектерінің телеграм-арнасы мен әскери блогер Юрий Котенко хабарлады. Грунис Украинаның Часов Яр қаласына шабуылға қатысқан әрі Донецк облысы Константиновка қаласына шабуылды басқарған.
Ресейлік басылымдар Грунис шілденің басында Ресей президенті Владимир Путинге Константиновка Ресей әскерінің бақылауына өтті деп айтқан. Кейін Украина президенті Владимир Зеленский бұл мәлімдемені жоққа шығарып, Путинді Констинтиновкаға кездесуге шақырған еді.
Донбасстағы Константиновка қаласы үшін шайқас 2025 жылдың қазанынан бері жалғасып келеді.
Екі апта бұрын, 27 тамызда, Антон Грунис "Ресей батыры" атағын алған еді. Генерал-майордың қалай қаза тапқаны айтылмады. "Важные истории" тараған ақпараттарға сілтеп, Грунис Луганск облысы Алчевск маңайында соғысқанын жазды. 13 қыркүйекте Украина қарулы күштері осы қалаға шабуылдап, қару-жарақ пен техника қоймасына соққы жасағанын хабарлады. Сол күні Украина қауіпсіздік қызметі Алчевскідегі Карпаты елді мекеніне шабуылдаған еді.
2026 жылдың қыркүйегіне дейінгі есеп бойынша, соғыс басталғалы кемі 15 ресейлік генерал қаза тапқан. Кейбіріне қастандық жасалған.