Қазақстан Азия ойындарында алғашқы алтын медаль алды

Велоспортшы Рината Сұлтанова. Қазақсан туризм және спорт министрлігі таратқан сурет. 20 қыркүйек 2026 жыл.

Велоспортшы Рината Сұлтанова 20-жазғы Азия ойындарында алтын медаль алды.

“Қазақстандық спортшы жекелей уақытқа жарыста жеңімпаз атанып, ұлттық құрама қоржынына осы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медальді салды” деп хабарлады Қазақстан туризм және спорт министрлігі.

Қазақстандық велоспортшы жарыс жолын 36:23.72 уақытта аяқтап, қарсыластарынан басым түсті. Екінші орынды – қытайлық спортшы (36:28.40), үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы (36:56.14) иеленді.

Рината Сұлтанова осымен Азия ойындарына екінші рет қатысып отыр. Ханчжоудағы алдыңғы ойындарда ол қола медалін алған.

Құрлық олимпиадасы саналатын додаға Қазақстаннан 550-ден аса спортшы қатысып жатыр.