Литва Орталық Азия азаматтарын жұмысқа шақыруды уақытша тоқтатты

Литва туы.

Литва Орталық Азия елдерінің азаматтарына жұмыс визасын беруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы елдің миграция департаментінің басшысы Индре Гаспере мәлімдеді. Оның сөзін BNS сайты жариялады.

Гасперенің айтуынша, кейінгі жылдары Орталық Азиядан Литваға жұмыс визасына тапсыратындардың саны артқан. Миграция басшысы "Орталық Азия елдерінен жұмыс визасына тапсыратындардың саны көп болғандықтан виза орталықтары да жұмысын тоқтатқанын" айтады.

Гаспере Орталық Азияның қай елдерінің азаматтарына жұмыс визасын беру уақытша тоқтатылғанын айтпады. 2025 жылы Литва Душанбедегі виза орталығын жапқан еді. Литва тарабы "екі жылда 6500 адам жұмыс визасын алған, бірақ олардың көбі Литваның визасымен Еуропа одағының басқа елдерінде жұмыс істеген" деп мәлімдеген.