Тоқаев құрған Халық кеңесі қолбала құрылым ба, шынайы күш пе?
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда Халық кеңесі жұмысын бастады. Оның мүшелерін халық сайлаған жоқ, президент бекітті. Кеңес парламентке заң жобасын енгізіп, референдум өткізуді ұсына алады. Президент бұл орган қоғамдағы түрлі топтардың пікірін билікке жеткізеді дейді. Азаттық кеңестің қаншалықты ықпалды екенін және басқа елдердегі ұқсас құрылымдар не істеп отырғанын шолып шықты.