Қазақ-қырғыз музыкасындағы жаңа трендке не себеп?
Your browser doesn’t support HTML5
Кейінгі кезде қазақ пен қырғыздың жас әншілерінің бірге айтқан әндері Қазақстан мен Қырғызстанда хитқа айналып жатыр. Қазақ әншісі Садраддин мен қырғыз рэпері Bakr айтатын "Сағыныш" әні Youtube желісінде 23 млн рет тыңдалған. Ал Apple Music-те Қазақстан мен Қырғызстанда ең көп тыңдалған әндердің басында тұр.