Ресей әскері Запорожьеге соққы берді, жараланғандар бар

Запорожьеге жасалған соққы салдары. 26 қазан, 2026 жыл

Ресей әскері өткен түні Украинаның Запорожье аймағына әуеден соққы жасады. Украина төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, кемі төрт адам жараланған.

Қираған ғимарат көп. Запорожье облыстық әскери әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Михаил Семикиннің айтуынша, «шабуыл салдарынан жеке үйлер, көліктер және коммерциялық ғимарат зақымданған. Снаряд түскен жердің бірінде өрт шыққан».

Чернигов облысына Ресейдің соққы жасағаны туралы да хабарлар бар. Облыстың Прилуки және Новгород-Северский аудандарында екі адам жараланып, өрт шыққан.

Ресей әскері Хмельницкий облысының Каменец-Подольский ауданындағы энергетика нысанына шабуыл жасады. Соққыдан кейін электр жарығы өшірілген.