Айтыс ақыны Надежда Лушникова дүниеден озды

Айтыс ақыны Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Айтыс ақыны Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында дүние салды. Бұл туралы Қазақстан жазушылар одағы хабарлады.

"Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады" деді одақ көңіл айту хабарламасында.

Одақтың жазуынша, Лушникова 1940 жылғы 22 қарашада Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Жас ақын 1961 жылы Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищені, 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. Түрлі жылдары айтысқа қатысып, жүлдегер атанып жүрген.

1963-1985 жылдары баспасөз құралдарында әдеби қызметкер, редактор қызметтерін атқарған, мектепте мұғалім болған. Ал 1985 жылдан бастап Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі Кәрібаев мұражайының директоры болып жұмыс істеген. Қазақ тілінде өлең жазып, жинақтары баспасөз құралдарында жарияланған.